Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағы бардың бағы бар

Ағы бардың бағы бар

Сүт тағамдарының қай-қайсысын алсақ та, адам ағзасына, денсаулығына орасан пайдасы бар. «Ағы бардың бағы бар» деп халқымыз сүтті аса құрметтеген. Атақты ғалым Әбу-Әли ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым қағидасында» сүттің емдік қасиеттері туралы айтылып, әсіресе, жасы үлкейген қарттарға өте пайдалы екені ерекше атаған. Иә, түрлі ауру-сырқауға да өзіндік емін көрсететін пайдалы асты өндіру бойынша Шиелі ауданы да қалыс қалып жатқан жоқ. Өңір халқының жағдайы жылдан-жылға қарқынды дамып, іргелі істер атқарылуда. Оның дәлелі ретінде соңғы уақытта ауданнан ашылып жатқан кәсіпорынды айтуға болады. Солардың бірі – «Асылхан» сүт өнімдерін өндіретін шаруа қожалығы. Міне, бүгін сол туралы қысқаша мәлімет ұсынбақпыз.
«Асылхан» шаруа қожалығы 2017 жылы бой көтеріп, мамыр айында іске қосылған болатын. Сүт өңдеу цехына бас аяғы 250 млн. теңге қаржы жұмсалған. Аталмыш мекеменің төрағасы Данияр Дүйсебаев «Наурыз-Дем» кредиттік серіктестігінен 41 млн. теңге несие алып, қалған қаражатты өз есебінен қарастырған. Қазіргі таңда 30 бас сиыр мен 2 бұқаны Солтүстік Қазақстаннан алдырып, төл басын көбейтіп отыр. Негізгі орын 100 бас сиырға арналғандықтан, алдағы уақытта көршілес Ресей елінен арнайы ірі қара малдарын алуда жоспарлап отырғанын тілге тиек етті. Жобалық қуаттылығы күніне 1 тонна сүтті құрайтын кәсіпорында бүгінде тәулігіне 200-250 л сүт, аптасына 50 кг қаймақ пен 150-200 кг ірімшік өндірілуде.
Отыздан аса адамды жұмыспен қамтып отырған шаруа қожалығы 200 бас ірі қара малы бар бордақылау алаңын 48 млн теңгеге салған. Бүгінгі таңда мал сою пунктінде 45 бұзау мен 30 баспақ тұр. Аудандағы шағын шаруа қожалықтардан сүт алып, өз өнімдерін өндіруге септігін тигізуде. Алдағы уақытта аудандағы барлық мекемелер, дүкендер мен балабақшаларды толығымен сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр Қандай да бір жетістікке жету, жоқтан бар жасау асқан табандылық пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, кәсіпорын басшысы қай істе де мойымай, адал еңбек етуді мақсат еткен.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер мемлекет тарапынан әжептеуір қолдау тауып жатыр. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі, – деп Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай кез келген кәсіп түрін жүрексінбей, жатсынбай бастау керек. Әңгімемізге арқау болып отырған сүт және сүт өнімдерін өндіретін өнеркәсіп бүгінгісінен де зор пайда келтіріп, аудан атын әйгілеп жүре берсін демекпіз.

Фариза КЕНЖЕШОВА.
20 сәуір 2019 ж. 2 367 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

№21 (9185)

12 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031