Тарихи күн
Өйткені бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жариялаған Үндеуінде өзі үшін де, еліміз үшін де маңызды шешім қабылдап, өкілеттілігін тоқтату жөнінде айрықша мәлімдеме жасады.
Біз несібесін маңдай терімен тапқан, ұлан ғайыр атырапты игеріп жатқан қарапайым шаруашылық иелері Н.Ә.Назарбаевтың әрбір Үндеуі мен бастамасын оң қабылдаймыз.
Себебі, Ұлт көшбасшысы қашанда сын сағатында өзінің бек шешімін қабылдап, халықтың жағдайын жақсарту, елдің тыныштығын қамтамасыз ету бағытында үнемі жолынан жаңылған емес.
Осыған дәлел, Тәуелсіздігімізге қол жеткізген 27 жыл ішінде Елбасының сарабдал саясатымен жүздеген жарқын жобалар, мыңдаған маңызды істер өз шешімін тапқанын көзіміз көріп келеді.
Сондықтан, Тұңғыш Президенттің есімін ел жадында мәңгі сақтау үшін, Астана қаласына беру, яғни, "Нұр-Сұлтан" деп атауды Шиелі ауданы «Төңкеріс ИК» шаруа қожалығы ұжымы деп орынды санаймыз.
Шиелі ауданы «Төңкеріс ИК» шаруа қожалығы ұжымы