Қыздан ар кеткенде, мемлекеттен қуат кетеді
Қазақ халқы қашаннан қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Себебі, қыз баланы ана деп, ал, ананы тәрбиенің қайнар көзі деп білген. «Шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөз осыдан қалса керек-ті. «Ана-қыздың ең үлкен тәрбие мектебі» деп жатамыз ғой. Ол қызды дұрыс жолға бағыттаушы, сондай-ақ, оның бойына асыл қасиеттер мен тәлім-тәрбиені сіңіруші алып тұлға. Шешенің берген ақыл –кеңесін санасына сіңіріп өскен ару қыздар бөтен ортада да өз тәрбиесін жатсынбауы анық һәм тиіс.
Қандай мәселеде болмасын кешегісі мен бүгінін салыстыратын қазақпыз ғой. Бүгінгі қазақ қызының ар намысы мен баяғы қазақ қызының өр намысты тұлғасы бүкіл қоғамның түйіткілді мәселесі болып отыр. Төлегенді ақылдылығымен баураған Жібектің, Кебекті сұлулығымен арбаған Еңліктердің сынығы қайда бұл күнде? Батырлық пен ерліктің, тектілік пен өрліктің нағыз символы бола білген Әлия мен Мәншүгім, елінің болашағы үшін жазықсыз құрбан болған Ләззатым мен Сәбираларымның жалғасы кімдер? Осындай алыптардың ізін басқан қазақ қызының бейнесі неге өзгеруде? Қазіргі қазақ қызының жай-күйі қалай? Бүгінгі таңда қара көздеріміздің тәрбиесі неге 180°-қа өзгеріп отыр? Санамызды торлаған сұрақтар легі өте көп. Бірақ, жауап бір ғана: ол қоғам өзгерген. Әрине, заман ағымына қарай талпыну барлығымызға қажет. Дегенмен де шектен шығып, қыз баласына тән қасиеттен айырылу аруларымыздың болмысындағы нәзік тәрбиеге сын келтіруі әбден мүмкін. Шыны керек, қазірдің өзінде де сондай жағдайлардың жағалауында отырмыз. Қыз бұзылса, ұлт бұзыларын айқындай білген ата-бабамыз қызға қырық үйден тыйым салып кеткен. «Қызың өссе, қызы жақсымен жолдас бол» дегендей халқымыз тек өз қызының ғана емес сол қызының бой жетіп келе жатқан ортасындағы нәзік жандыларға да баса назар аударған. Қыздың болмысындағы ең керемет әшекейі-ұят. Сол себепті де, ата-анасы қызының өрескел мінезін, қисық қылығын көргенде «елден ұят», «көрші қолаңнан ұят болады» деген сын пікірлер айтып отырады. Сол кеңестерге құлақ аспаған қыздардың болашағының күңгірт болмасына кім кепіл? «Дала қызының назданған еркелігінде мұң да бар, жігер де бар, жалынышы мен жалыны да бар. Жан тазалығы, саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар. Сондай қолтума өнерінен кіршіксіз ләззат ала аласың..» деп Ғ.Мүсіреповше айтсақ, бір ғана қазақ қызының бойында әлем жұртшылығы іздейтін тектілік, ибалылық, нәзіктік бар. Міне, осындай ерекшелігінің арқасында бүгінгі күні дөңгеленген дүниенің джентельмендері Қазақстанмен құдаласуды жөн санап жатқандығына куә болып отырмыз.
Қыз баланың тәрбиесіне ата-ана ғана емес, бүкіл қоғам, отбасы, оның ішінде ағасының да тікелей қатысы бар. Қарындасы-ағасының ар намысының негізгі өлшемі. Сондықтан, ағасы қарындасын көп нәрседен тыйып отырады. Байқап қарасақ, мұның да өзіндік себептері бар. Бабаларымыздың қыз тәрбиелеуде басшылыққа алған әдістерінің бірі-ымырт түсе балаларын үйден шығармау болған. Бұл туралы асыл дінімізде айтылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына хадиске зер салайық: «Балаларыңды түн басталарда өздеріңе жақын ұстаңдар, өйткені, расында, осы уақытта жер бетіне шайтандар таралады» делінген. Сол себепті кешкілік уақытта қыз баланың үйінде, әсілі, ата-анасының жанында болғаны дұрыс. Бүгінгі күні осы тәрбиенің дұрыс берілмеуі қыз балаға кесірін тигізуде. Қыз баланы тал бесіктен жер бесікке дейін тәрбиелеу ұлтымыздың қанына сіңген қағида іспеттес. Сондықтан, әрбір қазақ қызы отбасы, ошақ қасынан алған тәрбиені түзде жүргенде де ұмытпаса екен дейміз. Еліміздегі қыздардың бүкілі дерлік «қазақ қызы» деген атаққа лайықты болса, бұл барлығымыз үшін де зор мақтаныш болары анық.
Қыз бала – ертеңгі елдің болашағы. Қыздан ар кеткенде, ұят кеткенде мемлекеттен қуат кетеді. Келешегіміз кемел болсын десеңіз, қыз тәрбиесіне баса мән беріңіз!
Тоқтагүл ДУСАНОВА.