Енді өнім сапасын смартфон арқылы тексеруге болады
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін елімізде 6,5 мың шақырым ақылы жол пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Биыл Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас бағытындағы жолдар ақылы болады. Олардың жалпы аумағы 470 шақырымнан асады. Елімізде 5,5 мың шақырымдық 13 учаскеге ақы алу жүйесін орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары аяқталып қалды. Оған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі де кіретінін еске саламыз. Мұндай жұмыстар бюджетке түсетін салмақты азайтып, «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы 2020 жылға дейін Қазақстанда 6,5 мың шақырым жол ақылы болады. Айта кетерлігі, бағдарламаны жыл сайынғы қаржыландыру көлемі 150 млрд теңгеге жеткен. Ол арқылы жергілікті желінің шамамен 4 мың шақырым жолын жөндеу мүмкіндігі туды. Яғни 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар автожолдардың 85% жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізіледі. Бағдарлама 2025 жылға дейін ұзартылып отыр. Еске салайық, 2015 жылы елімізде 2400 шақырым жол салынып, қайта жөнделсе, 2020 жылға қарай қосымша 4600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Жол салу жұмыстарына 75 мың адам қатысты. Бұған қоса, отандық құрылыс материалдары, өндіріс, туризм салаларының дамуына да «Нұрлы жолдың» оң әсері тиді. Құс еті сұранысқа ие Қазақстанда құс етін тұтынушылар қатары артқан. Себебі ақ ет өзгелерінен сәл де болса арзандау. Десе де, бұл сиыр етіне деген сұраныстың азайғанын білдірмейді. Халықтың 56 пайызы зеңгібаба түлегінің өнімін құп көреді екен. Екінші кезекте құс еті тұр. Етсүйгіш қауымның қалауы бойынша қой еті үшінші, одан кейін жылқы еті сұранысқа ие. Халықтың 4 пайызы шошқа етін тұтынатын көрінеді. Жалпы жыл басынан бері еліміздегі ет өндірісі 4%-ға артқан. Экспорт 10 пайызға жетті. Еске салайық, елдегі құс етінің 60 пайызы шетелден әкелінген. Смартфон көмекке келеді Енді өнім сапасын смартфон арқылы тексеруге болады. Өзіңіз айтқандай мұздатылған құс етіне қатысты пікірлер өте көп. Өнімді тексеру үшін әр қаптамаға арнайы QR-код енгізіледі. Оны сканерлеген сатып алушы өнім жайлы түрлі ақпаратқа қаныға алады. Бұл туралы «КАС Консалтинг» ұйымының өкілдері хабарлады. Сондай-ақ смартфон арқылы ұйым сайтына кірген әр тұтынушы өнімдердің дайындалу барысын тікелей эфирде тамашалай алады. Игілігі мол «Цифрлық Қазақстан» Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының берері мол. Әлеуметтік қызмет көрсету бағытындағы қолға алынған бірнеше пилоттық жобалардың бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарды цифрлық құралдар бойынша оқыту. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев хабарлады. Осылайша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қамқорлыққа зәру азаматтарға ерекше қолдау көрсетуді қолға алды. Цифрландыру дамыған заманда қашықтықтан жұмыс істеуге болатын мамандықтар түрі өте көп. Демек, үйде отырып, ел қатарлы табыс табуға болады. Жоба нәтижесіз емес. Алғашқы қатысушылары болған астаналықтардың 80 пайызы нақты табыс тауып жүр. Енді жаңашылдықты бүкіл Қазақстан аумағына тарату көзделуде. Неміс экономикасы 0,8 пайызға төмендеді Германияның ЖІӨ үшінші тоқсанда жылдық көрсеткішке шаққанда 0,8% -ға төмендеп кетті. Бұл соңғы 5 жылдағы ең нашар көрсеткіш. The Wall Street Journalының хабарлауынша ең ірі еуропалық экономика алдағы айларда қалпына келтірілуі ықтимал. Бірақ ол үшін Америка басшысы Дональд Трамптың жаңа сауда саясаты сияқты біраз тәуекелдерді жеңу керек. Ал Financial Times басылымы жеткізгендей, дамуға автоөндірушілердің жаңа өнім стандарттарын қанағаттандыру қажеттілігі әсер етеді. Қазақстан мен Америка жем-шөп дақылдарын өндіру бойынша ортақ кәсіпорын құрмақ. Бұл үшін 25 млрд доллар шетелдік инвестиция құйылды. Келешекте қаржы ұлғаятын болады. Жалпы биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі дән шаруашылығын субсидиялау талаптарын өзгерткен. Себебі елімізде жем-шөп дақылдары сапасын арттыруға ден қойылды. Жаңа технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпорын суыққа төзімді өнім өндіретін болады.
www.24.kz