Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты

КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты

КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтаттыКаспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы резервуарлар паркінің толуына байланысты мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energy monitor телеграм арнасының мәліметінше, Новороссийск аумағында 30-31 желтоқсан күндері күшті дауыл болады деп күтіледі. Ауа райының қолайсыздығы танкерлерге мұнай тиеу жұмыстарын қиындатып, соның салдарынан терминалдың резервуарлар паркі толып кеткен.
Осы жағдайға байланысты кеше Қарашығанақ жобасы мұнай өндіру көлемін айтарлықтай шектеді. Резервуарлардың толуына орай еліміздегі басқа да ірі мұнай өндіруші компаниялар да жақын арада өндіріс деңгейін төмендетуге мәжбүр болады.
Еске сала кетейік, 29 қарашада Новороссийск порты ауданында КТК-ның теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуыл жасап, нәтижесінде ВПУ-2 тиеу құрылғысы айтарлықтай зақымдалған болатын. 






30 желтоқсан 2025 ж. 3 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930