Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚазТрансОйл сәуір айында Баку бағытындағы мұнай экспортын 75% арттырды

ҚазТрансОйл сәуір айында Баку бағытындағы мұнай экспортын 75% арттырды



Сәуірде Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 60,5 тоннаға немесе 24%-ға өсті. Осылайша жалпы көлем - 312,6 мың тоннаны құрады, оның ішінде Теңіз кен орнынан 115 мың тонна, 19,2 мың тонна Доңға кен орнынан және 178,3 мың тонна Бозашы түбегінің кен орындарынан жөнелтілді.

«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің өсуі Баку порты бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда 87 мың тоннадан 152,4 мың тоннаға немесе 75% ұлғаюы есебінен болды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала порты бағытында 160,2 мың тонна мұнай жөнелтілд.

2022 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды.

Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойды.
10 мамыр 2023 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031