Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы еліміз қанша тонна мұнай өндіретініне болжам жасалды?

2024 жылы еліміз қанша тонна мұнай өндіретініне болжам жасалды?

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 10 айда еліміз 73 млн тоннадан астам мұнай өндіргенін және бұл көрсеткіш жыл соңына дейін өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 
10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 73,5 млн тоннаны құрады. Биылғы мұнай өндіру болжамы 88,4 млн тоннаны құрайды, - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Сәтқалиевтің айтуына қарағанда, жоспармен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі Теңіз және Қашаған ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр.
Сондай-ақ өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытынан газ алуға шектеулер әсер етті. Өндіріс деңгейінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің орындалуы да әсер етіп отыр, - деді ведомство басшысы.
25 қараша 2024 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930