Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда тауық еті арзандады

Түркістанда тауық еті арзандады

ҚазАқпарат – Түркістанда тауық еті арзандады, Бұл туралы ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Түркістан облысында тауық еті бағасының өсуі өңірде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаментінің тауық етін өндіру мен өткізудің тауар нарығына монополияға қарсы талдау жүргізуіне себеп болды. Белгілі болғандай, жыл басынан бері тауықтың сан етінің бағасының өсуі 9% құрады. Бағаның елеулі өсу көрсеткішін ескере отырып, монополияға қарсы департамент «Инфрастрой ЛТД» ЖШС іс-әрекеттерінде өндірілетін өнімге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланудан көрініс тапқан бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді. Қазіргі уақытта «Инфрастрой ЛТД» ЖШС өндірілетін өнімнің сату бағасын бұрынғы бағаға дейін төмендетіп, хабарламаны орындады.

https://www.inform.kz​​​
28 сәуір 2021 ж. 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031