Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қант бағасы неліктен қымбаттады

Елімізде қант бағасы неліктен қымбаттады

Жыл басынан бері екі ай ішінде қант құнының өсуі 3,5% құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 3,5%-ке төмендеуі байқалды).  Қант Шымкент қаласында 14,7%, Қарағандыда 11,1%, Ақтауда 10%, Талдықорғанда 5,1%, Таразда 4,6%, Орал мен Павлодарда 4%, Жезқазғанда 3,6% қымбаттады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 2 көтерме жеткізушіге бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілген. Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды. Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер етті. Бұл ішкі нарықты 60% қамтамасыз ететін ресейлік және белорустық өндірушілердің өнімдерді жеткізушілер бағаларының өсуі. Қазіргі кезде Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл облысы) маусымның аяқталуына байланысты өз өндірісін уақытша тоқтатты.

24.kz
11 наурыз 2021 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30