Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ


Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті. Отырыста қазақстандық мұнай сервисінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ТКШ дамыту, сондай-ақ кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды.
Талқылауға Үкімет басшысының орын­ба­сар­лары Е.Досаев пен А.Жұмағалиев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Энергетика бірінші вице-министрі М.Досмұхамбетов, Инвес­ти­ция­­­лар және даму вице-министрі Қ.Өскен­баев, сондай-ақ Сараптама кеңесінің мүше­­лері Globalink Logistics Group бас дирек­торы С.Хан, PWC өкілі
Н. Ефимчук, «Қазақ­стан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Қ.Алпыс­баев, «Атамекен» ҰКП төрағасының орын­басары Д.Жүнісова және басқалары қатысты.
Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Онда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, салық­­тық заңнаманы жетілдіру және инвес­ти­циялық дауларды шешудің жаңа құрал­да­рын табу бағыттары бойынша елдегі инвести­ция­лық ахуалды жақсарту тұрғысынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды.
Талқылауға Әділет министрі Марат Бекетаев, Америка сауда палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдбюри, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Гиффорд, Канаданың Қазақ­стандағы елшісі Николас Бруссо, ЕО делегациясының саясат жөніндегі бөлім басшысы Золтан Сзалай, ЭЫДҰ қоғамдық басқарма директоры Маркос Бонтури, Deloitte халықаралық салық, энергетика және ресурстар мәселелері жөніндегі серіктесі Энтони Мэхон, Baker & McKenzie серіктестері Кёртис Мастерс пен Андрей Ерш және басқалары қатысты.
Дайындаған Айхан ШӘРІП
02 наурыз 2018 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930