Яхта мұхитты қоқыстан тазалайды
Британдық өнертапқыш Ричард Робертс мұхитты қалдықтардан тазалайтын яхтаны жасап шығарды. Сонымен қатар қайық өздігінен жанармай өндіре алады. 70 метрлік кеме күніне 5 мың тоннаға жуық пластикті қайта өңдеп шығарады. Робертстің айтуынша, оған «Оушин Сэйвьер» деген ат берілген және ол 2021 жылы суға жіберіледі. Бірақ өңделген пластиктен зат жасалынбаса да, жанармай ретінде кәдеге жаратуға болады. Қоқыс арнайы конвейерлер арқылы мұхиттан теріледі. Кейін борттағы құрылғылардың ішінде майдаланып өңделеді. Ричард Робертс, өнертапқыш: - Адамдардың мұхитқа қоқыс лақтыруы жиілеп кетті. Осы мәселенің шешімін табуымыз керек. Пластиктің қоршаған ортада таралмауын мейлінше болдырмауымыз керек.
www.24.kz