27 шілденің түнінде ай қанқызыл түске боялмақ
15 жылда айналып келетін қызықты табиға құбылыс 27 шілденің түнінде орын алмақ. Дәл сол түні Марс пен сақиналы Сатурнды жақыннан көру мүмкіндігі туындайды деп хабарлайды altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ."Cол түні Ай тұтылып қана қоймайды, Марстың ұлы қарсыласуы да болып өтпек. Бұл құбылыс екі жылда бір қайталанып отырады. Бірақ 15 жылда бір рет жерге өте жақын келеді. Соңғы ұлы қарсыласу 2003 жылы болған", – деді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель.Бұл жолы «Қызыл ғаламшар» Жерден небары 57,5 млн шақырым қашықтықта болады.








