Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп: АҚШ пен Иран 3 тамызда келіссөздерді бастайды

Трамп: АҚШ пен Иран 3 тамызда келіссөздерді бастайды

Трамп: АҚШ пен Иран 3 тамызда келіссөздерді бастайдыАҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер 3 тамызда басталатынын мәлімдеді. Тараптар Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі мен Иранның ядролық бағдарламасын талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Трамптың сөзінше, келіссөздер дипломатиялық форматта өтеді. Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі және Иранның ядролық бағдарламасы негізгі тақырыптардың бірі болады.
– Ертең түстен кейін келіссөздерді бастаймыз. Бұл диалог форматында өтеді, – деді АҚШ президенті.
Ол дипломатиялық жолдың шиеленістің одан әрі ушығуына жол бермейтінін айтты.
– Мен дәл солай болғанын қалаймын. Бұл көптеген адамның өмірін сақтап, айтарлықтай күш-жігерді үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді Трамп.
Сондай-ақ АҚШ басшысы бұған дейін Иранға қарсы ауқымды соққы жасау мүмкіндігі қарастырылғанын, алайда бұл жоспар жүзеге аспағанын еске салды. Оның айтуынша, Иран билігі мұндай сценарийге қарсы болған. Сонымен қатар Сауд Арабиясы да тараптардың келісімге келуіне мүдделі болып, мәмілеге қол жеткізуге мүмкіндік жоғары деп есептеген.
Алдағы келіссөздердің басты мақсаты – Ормұз бұғазындағы теңіз қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты өзекті мәселелерді талқылау. Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында тараптар 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келуі мүмкін екенін хабарлаған едік.
03 тамыз 2026 ж. 21 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31