Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Таяу Шығысқа 80 әскери ұшақ жіберді

АҚШ Таяу Шығысқа 80 әскери ұшақ жіберді

АҚШ Таяу Шығысқа 80 әскери ұшақ жібердіАҚШ Иран аумағына кезекті әуе соққыларын жасады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл АҚШ-тың Иранға қарсы 12-ші түн қатарынан жүргізілген әскери операциясы болып отыр. Соңғы соққылар Иранның оңтүстік-батысы мен шығысындағы әскери нысандарға бағытталған.
Вашингтон операциялар Тегеранның Ормұз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуылын әлсірету үшін жасалып отырғандығын мәлімдеді.

Military Air Tracking Alliance дерегінше, АҚШ Таяу Шығысқа қосымша 80 әскери ұшақ жіберген. Сондай-ақ теңіз блокадасы қайта басталғалы бері тоғыз сауда кемесі ұсталған.
Ал Иран тарапы америкалық әуе соққылары салдарынан 53 бейбіт тұрғын қаза тауып, 600-ге жуық адам жараланғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Иранмен келіссөздер тоқтағанын мәлімдеп, Тегеранға қарсы теңіз блокадасын қайта жүргізетінін жариялады. Сондай-ақ ол Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерге алым енгізу керектігін айтты. Ақ үй басшысының бұл бастамасына Біріккен Ұлттар ұйымы қарсылық білдірді. Ал Иран 19 шілдеде АҚШ флотын жанармаймен қамтамасыз ететін Кувейттегі отын терминалына соққы жасағанын мәлімдеді.




23 шілде 2026 ж. 29 0