Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Иранның 52 нысанына соққы жасаймыз – Трамп

Иранның 52 нысанына соққы жасаймыз – Трамп

BAQ.KZ. Америка президенті Иран шабуыл жасаған жағдайда Вашингтон тарапынан "тез және мықты жауап қайтарамын" деп мәлімдеді.

Иран шабуыл жасаса, АҚШ жауап ретінде Иранның 52 нысанына соққы жасайды. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп 4 қаңтарда Twitter парақшасында жазды.
Бұл ескерту болсын. Егер Иран америкалықтарға немесе америкалық нысандарға соққы жасаса, онда біз ирандық 52 нысанға (бірнеше жыл бұрын Иран америкалық 52 тұтқынды қамауға алған) жойқын соққы жасаймыз. Олардың кейбірі Иран және ирандық мәдениет үшін аса маңызды нысандар. Соққылар осы нысандарға және Иранның өзіне өте тез және өте қатты жасалады, - деп жазды Дональд Трамп.

Трамп Америка Құрама Штаттары "енді қауіп төнгенін қаламайтынын" атап өтті.

Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды.

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады.

АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты. Иран Ислам революциясы күзет корпусының "Кудс" арнайы бөлімшесі басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын хабарлады.
05 қаңтар 2020 ж. 588 0