Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік саясаткерлер АҚШ пен Иран шиеленісі бейбіт жолмен шешіледі деген үмітте

Шетелдік саясаткерлер АҚШ пен Иран шиеленісі бейбіт жолмен шешіледі деген үмітте

ШеÑелдÑк ÑаÑÑаÑкеÑÐ»ÐµÑ ÐÒШ пен ÐÑан ÑиеленÑÑÑ Ð±ÐµÐ¹Ð±ÑÑ Ð¶Ð¾Ð»Ð¼ÐµÐ½ ÑеÑÑÐ»ÐµÐ´Ñ Ð´ÐµÐ³ÐµÐ½ үмÑÑÑе
Иранның АҚШ-пен соғыс жүргізуге ниеті жоқ деген пікірді ел саясаткерлері алға тартты.

Олардың айтуынша, бұл елдің соңғы қимылдарының жаугершілік сипаты жоқ, тек елін қорғауға бағытталған.

Соңғы кезде АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас ушығып кетті. Қос тарап та соғысқысы келмейтін тәрізді. Бірақ ымыраға келу ниеті байқалмайды. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Атап айтқанда, Иранның жоғары лауазымды үш басшысына қарсы шектеулер қабылданған. АҚШ бұл Иранның америкалық пилотсыз ұшақты атып түсіргені және Оман шығанағында екі танкерге жасалған шабуылдарына байланысты екенін жариялады.

Бахрам Хонлар, «Иран Тудей» телеарнасының директоры:

– Шамамен 200 миллион доллар тұратын пилотсыз ұшақ АҚШ-тың ең заманауи жетістігі саналады. Оны ешқандай радар байқамауы тиіс. Бірақ ирандықтар өз шекарасынан асқан бұл дронды атып түсірген. Осылайша Тегеран өз әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсеткісі келді. Дронның қасында адамдар мінген патруль ұшағы жүрген, бірақ оған атпаған. Бұл арқылы соғыс бастағысы келмейтіндіктерін көрсеткен сыңайлы.  Шетелдік саясаткерлер бұл шиеленіс бейбіт жолмен шешіледі деген үмітте. Бірақ АҚШ салған санкциялар Тегеранмен арадағы ядролық мәселелер бойынша дипломатиялық келісімдерді қиындатып жіберді.

Мэхди Бозорг, саясаттанушы:

– Америка санкциялар еліміздің беделіне нұқсан келтіреді деп сенген еді. Иран ешқашан Америкамен соғыс іздемейді, басты мақсаты – ымыраға келу. АҚШ-та осыны айтып жүр, бірақ ісі басқа. Америка бізге уран байытуға тыйым салмақ. Тағы бір маңызды мәселе - зымыран қауіпсіздігі мен Иранды қорғау. Зымыран кешендері Иран шекараларын қорғау үшін жасалған.

  АҚШ-тың Иранға қойған талаптары өзгеріссіз қалды. Вашингтонның пікірінше, Тегеран ядролық бағдарламасынан бас тартуы тиіс. Иран болса, мұны өз еліне қысым жасаудың сылтауы деп, райынан қайтар емес. Соңғы уақытқа дейін қос тарап бұл мәселе бойынша келіссөздер бастайтынына үміт болған еді. Бірақ БҰҰ жанындағы Иран өкілі Маджид Тахт-Раванчидің мәлімдеуінше, жаңа санкциялар Вашингтон мен Тегеран арасында диалог жүргізетіндей еш мүмкіндік қалдырмаған.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Махмуд Махмуди

24.kz
27 маусым 2019 ж. 704 0