Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Иранның әскери нысандарына соққы жасады

АҚШ Иранның әскери нысандарына соққы жасады

АҚШ Иранның әскери нысандарына соққы жасадыАҚШ әскери күштері Иран аумағындағы Кешм порты мен Бендер-Аббас қаласындағы бірқатар нысанға соққы жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәліметке сәйкес, операция барысында зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру алаңдары, командалық пункттер, сондай-ақ барлау және бақылау тораптары нысанаға алынған.
Вашингтон бұл әрекет Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының Ормұз бұғазындағы АҚШ-тың үш эсминеціне жасаған шабуылына жауап ретінде жүргізілгенін мәлімдеді. АҚШ тарапы жағдайды ушықтыруды көздемейтінін айтқанымен, америкалық әскерилер жоғары дайындық режиміне көшірілген.

Бұған дейін Иран тарапы АҚШ-ты Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру операциясы кезінде бітімді бұзды деп айыптаған болатын. Тегеранның мәлімдеуінше, Пентагон ирандық кемелерге соққы жасаған. Кейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы күштері америкалық эсминецтерге жауап шабуылын ұйымдастырған.

Нұрболат АМАНБЕК



08 мамыр 2026 ж. 1 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930