Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

ӘЛЕМДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?


Дүбірлеген дүние мазасыз. Күн сайын санаға сіңіріп үлгермейтін жаңалықтар легі көбеюде. Саяси текетірес әлі тоқтаған жоқ. АҚШ пен Еуропа арасында «сауда соғысы» жүріп жатыр. Мұнда кім жеңетіні белгісіз. АҚШ-тың болат пен алюминий өнімдеріне баж салығын біржақты көтергені көптеген елдерге қиын тиді әрі ұнамай тұр. Бірер  күннен кейін Канаданың Квебек қаласында «Үлкен жетіліктің» кездесуі өтпек. Оған Ресей қатыспайды. Бірақ «Үлкен жетіліктің» қалған мүшелері Ақ үймен бітімге келе ала ма? Сонымен…
«Үлкен жетілік» келісімге келе ме?

Кеше Франция президенті Эммануэль Макрон «АҚШ-пен «сауда соғысында» келісімге келу қиын болып тұр» деп мәлімдеді. Өйткені бірер күннен кейін Канададада «Үлкен жетіліктің» кездесуі өтпек.
Еуроодаққа кіретін мемлекеттер мен тағы басқа елдер осы саммитке көп арқа сүйеп, үміт артып отырған сияқты. Өйткені 1 маусымнан бастап АҚШ президенті елге келетін болат және алюминий өнімдеріне баж салығын салғаны белгілі. Бұл жоғары тариф әлемнің көптеген елдеріне қиын тиіп отыр. «Үлкен жетіліктің» кездесуінде осы мәселе қаралуы мүмкін. Бірақ АҚШ президенті саммиттің алғашқы күнгі отырысына қатысады да, артынша Ким Чен Ынмен жүздесуге Сингапурге ататанады. Аталған саммиттің алдында Франция мен Канаданың лидерлері «Біз АҚШ-сыз -ақ меморандумға қол қоюымыз мүмкін» деп мәлімдеді. Соған қарағанда, «сауда соғысындағы» текетірес әлі де жалғасатын сияқты.
Трамп ағылшын премьерін ұстазға теңеді

 АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ұлыбританияның премьері Тереза Мэй Канадада өтетін «Үлкен жетілікте» жеке дара кездеспейді. Бұл туралыTelegraph  басылымы хабарлады. Мұның себебі неде?
АҚШ президентінің айналасындағылардың айтуынша, Трамп премьер Мэйдің сөйлеу стилінен шаршаған сияқты. Басылымның жазуына қарағанда, Тереза Мэйдің өзін ұстау стилі мектеп мұғаліміне ұқсап кетеді екен. Екі елдің лидері телефон арқылы сөйлескен сәтте де ағылшын премьері кейбір мәселелерді бірлесіп шешкеннен гөрі, ол АҚШ-тан пайда көруге ұмтылады көрінеді. Мұның барлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа ұанамай қалған деседі…
 Түркия алғашқы ғарышкерін ұшырады
 
Бұл жоба алдағы екі-үш жылда жүзеге асайын деп отырған жоқ. Бірақ түрік президенті Тайып Ердоған «түрік ғарышкерінің ғарыштық  кеңістікті бағындыруына ұзақ уақыт қалған жоқ» деп мәлімдеді.
–Қазір біз ғарыштық кеңістікті зерттеу жұмыстарын бастадық. Демек, бұл жұмыстың басталғаны бізге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан  қазірден бастап жастардың ғарышты игеруге құлшынысын оята бастауымыз қажет, – деп мәлімдеді ол.
Түріктің алғашқы Göktürk-1 барлау жер серігі 2016 жылы Францияның Куру ғарыш айлағынан ұшырылғаны белгілі. Ал жер серігінің 261,5 миллион евроға Италияда жасалғанын айта кеткен жөн.
Президент демократияны дамытуға екі күн сұрады

 Никарагуа президенті Даниэль Ортега Епископ конференциясына мүше елдердің өкілдерімен кездесу кезінде елді демократияландыруға қатысты ойланатынын айтып, екі күн мұрсат сұрады.
Епископ Манагуа Сильвио Баес президентпен болған үш сағаттық әңгімеден соң, журналистерге президенттің екі күн ойлануға рұқсат сұрағанын мәлім етті. Адам құқы жөніндегі Америкаралық комиссияның есебінше, Никарагуада болған оппозиция өкілдерімен қақтығыс кезінде 127 адамның қаза тапқаны белгілі. Ақырында діни шіркеу өкілдері ел президентімен келісімге келген. Егер  президент Даниэль Ортега елді демократияландырмаса, халықтың толқуы жалғаса беретінін мәлім еткен. Енді осы кездесуден кейін президент екі күн мұрсат сұрап отыр. Даниэль Ортега елді қалай демократияландырады, ол жағы енді белгісіз.
Жанартаудан 107 адам қайтыс болды

Осыдан бірнеше апта бұрын Гватемаленың Фуэто жанартауы оянып, айналасындағы елдімекендерге қауіп төндіргені белгілі.
Жанартаудың ыстық ағынынан зардап шегіп, қайтыс болғандардың саны әлі де анықталуда. Алдын ала таратылған деректерге қарағанда, 107 адам қайтыс болған. Ал 192 адам іс-түссіз жоғалған делініп отыр.
Путин мен Трамп Австрияда кездесуі мүмкін


Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесу мүмкіндігі туралы біраздан бері айтылып келеді. Бірақ ол қай уақытта, қай жерде? Осы жағы әлі күнге дейін мәлімсіз болып отыр. 
Осыдан біраз уақыт бұрын Австрия билігі АҚШ пен Ресей саммитін өткізу жөнінде мәселе көтерген. Егер кездесу бола қалған жағдайда Австрия оны өткізуге дайын екенін де айтқан.  Бұдан бұрынырақта Австрия телеарнасына берген сұхбатында Путин АҚШ-тың өзінің ішкі саяси текетіресінің күрделенуіне байланысты Трампен кездесу болмай отырғанын мәлім еткен. Осыған байланысты Австрия билігі саммитті өз елінде өткізуге бастама көтерген. Тіпті екі ел арасындағы саммит жазда Венада өтуі ықтимал деген де әңгіме қозғалды. Бұған қатысты ресми Вашингтон да, Мәскеу де әзірге жақ ашқан жоқ.
The Wall Street Journal басылымы жақында екі ел арасында іргелі саммиттің өтуі ықтимал екенін де жазды. Бірақ Ким Чен Ынмен әуре болып жүрген Ақ үй Ресеймен лидерімен кездесуді әзірге басты назарға алып отырмаған сияқты.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
07 маусым 2018 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031