Ташкенттегі форумда Арал теңізінің ұлтанына сексеуіл егу мәселесі талқыланды
ЖаҺандық жылынудың әсерінен 2050 жылға қарай ағын суға деген тапшылық 30 пайызға дейін артады. Бұл туралы Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия халықаралық экологиялық форумында айтылды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жиынға бауырлас 5 мемлекетпен қатар Ауғанстан да қосылды. Әлемнің басқа де елдерінен жиналған экологтар ғаламдық және аймақтық проблемаларды бірлесіп шешу жағын талқылады. Форум жалпы 3 күнге созылады. Ташкентте жиналған экологтар қоршаған ортаны қорғау мен оны орнықты дамыту жайын ортаға салды. Табиғи тепе-теңдікті сақтау мен жаңартылған энергия көздерін өндіру және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала бермек. Өйткені ғалымдардың келтірген мәліметіне сүйенсек әлемде бір ғана пластик ыдыстардың қалдығы 300 мың тоннадан асып жығылады екен. Полиэтилен пакетін күннің көзі де шіріте алмайды. Сондықтан шашылған пластик ыдыстардан терең өңдеу арқылы ғана құтылуға болады екен. Зулфухар Жолдасов, ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары: - Қалдықтарды қайта өңдеуді 40 пайызға жеткізу жөніндегі жөнді жобамыз бар. Қазір тіпті сол қалдықтарды жерге көмуге тыйым салуға байланысты экологиялық кодексте бірқатар өзгерістер енгізілді. Белгілі бір тауарлар импортталған кезде мысалы, көлік пен доңғалақтар тағы басқа тауарларға төлем міндеттемелерін кеңейту сынды жеңілдіктер қарастырылған. Бұл қаржы қайта өндіру саласын ынталандыруға жұмсалады. Соның арқасында қазіргі таңда көптеген компаниялар осы іспен шұғылданады. Форумда Орталық Азиядағы 5 мемлекет өзара ортақ өзен суларын тиімді пайдалану мәселесін де қарады. Өйткені бауырлас елдердегі 55 миллонға жуық халық егіншілікпен айналысады. Қазірдің өзінде егістік алқаптардың 90 пайызы жасанды жолмен суарылады екен. Қатар келіп жатқан құрғақшылық пен климаттың өзгеруінен 2050 жылы ағын суға деген сұраныс 30 пайызға артады. Сондықтан заманауи технологияны көбірек ендіріп, суды барынша үнемдемесек, қуаңшылыққа ұрынуымыз әбден мүмкін. Экологтар осылай дейді.
24.kz
24.kz