Қытайда жолбарыс сүйегінен шарап жасалады
Әлемде жолбарыс жоғалып кету алдында тұрған жануар саналады. Қазіргі кезде әлемде Қытайды санамағанда 3500-4700 аралығында ғана жолбарыс қалған. Ал Қытайдың бір өзінде 5000 жолбарыс бар екен.
Қытайлар сол жолбарыстың сүйегін шарапқа салып ішеді. «Xiongsen Bear & Tiger Zoo» атты хайуанаттар бағының мамандары жолбарыстың етін, сүйектері мен ағза мүшелерін дәрілік өнім ретінде саудалағаны үшін сотталыпты да. Ал Қытайдың дәстүрлі медицинасы жолбарыс сүйегі салынған сусынды көптеген ауруларға қарсы қолданады екен. Сонымен, жолбарыс сүйегі үгітіліп қосылған шарап шөлмегі $800-ға сатылады екен. Ал ауқатты адамдардың мұндай өнімді аукциондарда жәшігін $30 000-ға саудалағаны да тіркеліпті. Мұндай өнімдердің заңсыз екені анық, сол себепті де Қытай билігі «жолбарысқұмарларға» қарсы заңды 1993 жылы қабылдап қойған. Әлемдегі экологиялық агенттіктер мен ұйымдар осы фактілерді келтіріп, Қытай шенеуніктері саудаласатын аукциондарды жабуға ұсыныс жасап отыр.
Massaget.kz