Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫТАЙ ПАРЛАМЕНТІНЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ АРМИЯ ӨКІЛІ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ ДЕПУТАТ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

ҚЫТАЙ ПАРЛАМЕНТІНЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ АРМИЯ ӨКІЛІ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ ДЕПУТАТ БОЛЫП САЙЛАНДЫ




Қытайдың жоғары заң шығарушы органы -Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 13-шақырылымына 6 қазақ депутат болып сайланды. Синьхуа агенттігінде жарияланған депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ халқының 6 өкілі кірді. Олардың бесеуі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен, біреуі Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде сайланды. Оның есімі - Мақпал, тегі жарияланбай отыр.  Айта кетейік, Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде қазақ депутатының сайлануы Қытай тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Ал бұған дейінгі 12-шақырылымға Шыңжаң өлкесінен 5 қазақ депутат сайланған болатын. Еске сала кетсек, 24 ақпан күні Бүкілқытайлық халық құрылтайының 12-кезекті тұрақты комитеті барлық 2980 депутаттың тізімін бекітті. 13-шақырылым өкілеттігі 2018 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін созылады.  Дауыс беру ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүріп, Қытайда өмір сүретін 55 ұлттан 438 депутат сайланды. Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.
01 наурыз 2018 ж. 1 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930