Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » NASA Айға ұшатын экспедиция мүшелерінің тізімін жариялады

NASA Айға ұшатын экспедиция мүшелерінің тізімін жариялады

NASA
Фото: NASA

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі 50 жылдық үзілістен кейін Айға ұшатын төрт ғарышкердің есімін жариялады,  – деп хабарлады ВВС.

Кристина Кох  – алғашқы астронавт әйел, ал Виктор Гловер Айға ұшу экспедициясына қатысатын алғашқы афроамерикалық болмақ. Олардан басқа экипаж құрамында Рид Уайзман мен Джереми Хансен бар. Айға ұшу 2024 жылдың соңы немесе 2025 жылдың басына жоспарланған.
Ұшу бағдарламасында Айға қону қарастырылмаған, бірақ ол келесі экипаждың қонуына жол ашады деп жоспарланған.
Құрамына АҚШ-тың үш азаматы кіретін экипаж Хьюстондегі рәсім кезінде таныстырылып, содан кейін қарқынды жаттығу кезеңі басталады.

NASA
Фото: REUTERS

NASA америкалық қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардан ғарышқа экипаж мүшелерін апару туралы уәдесін орындамақ. Бұған дейін Айға тек ақ нәсілді ер адамдар ұшқан болатын.
Экипаж құрамы:
Рид Уайзман (47 жаста): АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ұшқышы, NASA астронавтар бөлімін басқарды. Ол 2015 жылы Халықаралық ғарыш стансасына алдыңғы ғарыштық миссияларының біріне қатысқан.
Виктор Гловер (46 жаста): АҚШ Әскери-теңіз күштерінің сынаушы ұшқышы. Ол NASA-ға 2013 жылы қосылып, 2020 жылы алғаш рет ғарышқа ұшқан. Ғарыш стансасында алты ай жұмыс істеген алғашқы афроамерикалық.
Кристина Кох (44 жаста): инженер-электрик. Ол әйелдің ғарышта ең ұзақ болуы бойынша рекорд жасады  – 328 күн. NASA астронавты Джессика Меирмен бірге 2019 жылдың қазан айында алғаш рет әйелдердің ғарышқа ұшуына қатысты.
Джереми Хэнсон (47 жаста): Канада ғарыш агенттігіне келмей тұрып, Канада Корольдік Әуе күштерінде истребитель ұшқышы болған. Бұл  – оның ғарышқа алғашқы ұшуы.
«Артемида II» (Artemis ІІ) код атауын алған миссия  – «Орион» ғарыш кемесі басқарған алғашқы миссия.
04 сәуір 2023 ж. 420 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031