17 қыркүйекте Айға ұшатын алғашқы ғарыш турисінің есімі айтылады
Америкалық SpaceX компаниясы ұзақ миссия үшін зымыранмен Айға ұшатын әлемдегі алғашқы ғарыш турисімен келісімге қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Осыған дейін SpaceX 2019 жылдың ортасына дейін алғаш рет ғарыш турисін Айға ұшыру туралы хабарлаған болатын.Тарихқа көз жүгіртсек, осы уақытқа дейін Айда 24 адам ғана болған. 1972 жылы америкалық астронавтардың миссиясы аяқталған соң Жердің серігіне ешкімнің аяғы тимеді.
«SpaceX біздің Big Falcon (BFR) зымыранымыздың бортына мініп, Айға ұшатын әлемдегі алғашқы жолаушымен келісімшартқа қол қойды. Бұл ғарышқа саяхаттауды армандайтын қарапайым адамдарға жол ашудың маңызды қадамы болмақ», - деп жазды компанияның Twitter микроблогында.
Baq.kz