Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия Айға ұшыратын зымыран қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді

Түркия Айға ұшыратын зымыран қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді

Фото: twitter.com/varank
Түркия Айға ұшатын зымыранның гибридті қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Түркияның өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 
Anadolu агенттігінің мәліметінше, зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізу Ыстамбұлға жақын аймақтағы Шиле ауданында өткен. Келесі сынақ мамыр айында елдің солтүстігіндегі Синоп өңірінде өтеді деп жоспарланған. Одан бөлек, Sonda зымыранының қозғалтқыштық орнатылымы сынақтан өткен. 
Еске салайық, бұған дейін Түркия Айға ғарыш аппаратын жіберуді жоспарлап отырғаы хабарланған болатын. 10 ақпанда Түркия президенті Реджеп Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының тұсаукесер рәсімінде оның елі 2023 жылдың соңына дейін Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отырғанын айтты. 
Ердоғанның сөзінше, ғарыш аппараты Айға елдің жүз жылдығына орай қонады. Одан бөлек, президенттің айтуынша, Түркия ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр. 
11 сәуір 2021 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930