Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды


БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Жұма күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараты бар ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментіне сілтеме жасап хабарлады. «Жұма, 21 желтоқсан күні сағат 6.20-да (мәскеу уақытымен 03 сағат 20 минут) Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан) Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіндегі ғарыш аппараты бар ауыр санаттағы «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды», - делінген департамент хабарламасында. Сондай-ақ мәлім етілгендей, «Протон-М» зымыран тасығышының басты бөлігінің үшінші сатыдан ажырауы штаттық режімде өтті. Ғарыш аппаратын «Бриз-М» үдеткіш блогымен орбитаға шығару процесі бірнеше сағатқа созылады.
inform.kz
21 желтоқсан 2018 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930