Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады

Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады

2018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлады. «Союз МС-10» кемесінің бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар. Ресей ғарыш саласы өкілдерінің айтуынша, экипаж аман, апаттық түрде шамамен Қазақстан аумағына қонады.
Қазғарыш қызметкерлерінің «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне мәлімдеуінше, Байқоңырда апаттық жағдай жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр. Оның қорытындылары кейінірек белгі болады.  


http://www.syrboyi.kz/
11 қазан 2018 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (8666)

22 ақпан 2019 ж.

№14 (8665)

19 ақпан 2019 ж.

№13 (8664)

16 ақпан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам