Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КІТАП ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

КІТАП ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?


Ешкім де емес. Ондай өнертапқыш ешуақытта болмаған.

Адамдар атам заманнан-ақ, бір-біріне қызықты оқиғаларды айтып, өздерінің білгендерін ортаға салып отырыпты, ал бірақ өз ойларын жаза алмаған. Себебі олар жазуды білмеген.
Алғашқы әріптер пайда болғаннан бері ғана олардың істері ілгері басқан ғой. Әмірші - патшалардың көптеген хатшы-жылнамашылары патша егістігінен қанша астық жиналғанын, өрісінде қанша малының бар екенін, жаңа сарай тұрғызу үшін қанша тұтқын-құлдың қажет екенін есептеп отырған. Оған қоса хатшы-жылнамашылар сол заманның ең кемеңгер адамдарының істеген істері мен ойларын жазып қойған. Қолжазба кітаптар, тіпті бүтін бір кітапханалар осылайша пайда болған.
Бүтін бір кітапхананың қалың-қалың томдарының әріптерін маржандай тізіп, қолмен көшіріп шығу үшін қаншама еңбек, қанша уақыт кетеді десеңші!
Бір қызығы: ол кездегі адамдар жазуды ерте бастан үйренгені сияқты әріпті тасқа басуды игергенімен, кітап басып шығаруды білмеген. Патшалардың, сарай маңындағылардың, бай көпестердің, әскер басшыларының тастан жасаған мөрлері болған. Олар қол қою үшін осындай мөрлерін жұмсак балшыққа не балауызға басқан. Мөр жасауды ойлап тапқан соң, осы тәсілмен кітап басып шығаруға болатын еді. Бірақ бұл істі игеру үшін адамдарға бірнеше жүздеген жылдар қажет болды.
Сөйтіп, ақыры ең алдымен ағаштан, сонан соң металдан жасалған әріп-таңбалар пайда болды. Осындай таңбалардан - сөздерді, сөздерден - жолдарды, жолдардан - бүтін бір бетті құрап алатын дәрежеге жетті. Ол «бетке» бояу жағып, үстіне ақ қағаз басатын. Таспен басылған беттер қолмен жазылғаннан бірде-бір кем түскен жоқ. Ең бастысы жеке таңбалардан құралған мұндай беттерді тез арада оңдаған, жүздеген дана етіп көбейтуге болатын еді. Алғашқы баспа станоктары пайда болды. Ең әуелі шағын қол станоктары жасалса, кейін нағыз баспа машиналары шықты.
Көрдің бе, кітап тарихының қандай ұзақ екенін. Ол мұнымен де тоқтаған жоқ. Осыдан біраз бұрын кітап фабрикаларында - баспаханаларда ең ғажайып машина - линотип еді. Линотипші әріптер таңбаланған түймелерді басса болғаны, қалғанын машинаның өзі жасайды, санаулы секундтарда терілген таңбаларды бір жол ғып жинап, сұйық металдан құйып шығара қояды.
Ал қазіргі кітап басу ісіндегі өте ақылды автомат машиналардың көптігі сондай, оларды санап шығудың өзі қиын.
unifacekz
24 қараша 2017 ж. 3 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930