Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей коронавирусқа қарсы бесінші препарат шығарды

Ресей коронавирусқа қарсы бесінші препарат шығарды

Ресейдегі «Вектор» орталығы коронавирус инфекциясына қарсы бесінші препарат - «ЭпиВакКоронна-Н» вакцинасын шығарды, деп жазады Egemen.kz.
«Препараттың бұған дейін шығарылған «ЭпиВакКоронадан»  айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Вакциналар өзара тек өндіріс технологиясымен ғана ерекшеленеді», деді «Вектор» орталығының басшысы Ринат Максютов.
Ол вакцинаның жаңа нұсқасы ауқымды өндіріске  мүмкіндік беретінін мәлім етті.
Ресейде вирус жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді. Бір тәулік ішінде 18 883 адамнан вирус анықталды. Билік 1 қыркүйекке қарай кейбір аймақта шектеулерді жеңілдетуге ниетті.
Мәскеу мэрінің мәлімдеуінше, мектеп директораты рұқсат берсе, мұғалімдердің сабақта маска тақпауына болады. Алайда, сарапшылар Ресейдегі вакцинацияның қазіргі қарқыны күзге дейін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға жеткіліксіз екенін айтады.

28 тамыз 2021 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930