Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде жануарларға арналған коронавирусқа қарсы бірінші вакцинаны жасады

Әлемде жануарларға арналған коронавирусқа қарсы бірінші вакцинаны жасады

Әлемде жануарларға арналған алғашқы коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді. Келесі айдан бастап Ресейде "Карнивак-Ков" препаратын жаппай өндіруді жоспарлап отыр. Мамандар иттерге, мысықтарға, түлкілерге, арктикалық түлкілер мен күзендерге клиникалық зерттеулер жүргізді. Барлығында қауіпті инфекцияға қарсы антиденелер пайда болды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Зерттеулер мамандар жасаған вакцинаның зияны жоқ екенін көрсетті. Препаратты саалғаннан кейін жануарларда коронавирусқа қарсы иммунитет алты ай бойы сақталады.
Жануарлардың денсаулығын сақтау федералды орталығы әзірлеген вакцинаға Греция, Польша және Австрия сынды бірнеше ел қызығушылық танытып отыр.
Ресейлік ғалымдар үй жануарларына арналған тағы бірнеше ұқсас вакциналар жасау үстінде. Бірақ әзірге олар клиникалық сынақтардан өткен жоқ. Сарапшылардың айтуынша, негізгі күш адамдар үшін тиімді коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауға бағытталған.
"Адамға басымдық берілген. Біз вирус жұқтырған үй жануарларына вакцина жасаймыз, оны адам таратады. Жануарларға арналған вакцина - бұл, әрине, ақуыз кодталған нуклеин қышқылын енгізу әдісімен ерекшеленеді. Бұл иммунитетті күшейтеді. Жануарларға екпе салу әдісі, әрине, адамнан өзгеше болады", - деді Н. Гамалеи орталығының жетекші ғылыми қызметкері Федор Лисицын.
01 сәуір 2021 ж. 432 0