Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде індет дендеп барады

Әлемде індет дендеп барады

Әлемде екпе егу науқанына қарамастан ковид-19-ды жұқтырғандар саны қайта артып барады. Көптеген елде карантиндік шаралар жеңілдеген сайын індеттің таралуы дендеп барады. Түркияда вирустың мутацияға ұшыраған түрлері кең етек жайып барады. Елдің 81 провинциясының 76-сында коронавирустың британдық штамына 41 мың 500-ден астам адам шалдыққан. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Тағы 9 провинцияда оңүстік африкалық штамм тіркелген. Бірнеше өңірде бразилиялық штамм да анықталған. Қазір ауру Бразилияда да ушығып тұр. Онда коронавирус індетіне бір тәуліктің ішінде 80 мың адам шалдығып, 2 мың 300-ге жуық науқас көз жұмды. Осылайша пандемия басталғалы қауіпті кеселді 11 млн 200 мың адам жұқтырған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Бразилияның бұрынғы президенті қазіргі  биліктің пандемияға қарсы саясатын қатаң сынға алып, ел экономикасының құлдырауынан көріп отыр. Луис Инасиу, Лула Да Силва, Бразилияның бұрынғы президенті: - Мемлекетіміз құрдымға кетіп барады. Ешқандай жүйе жоқ. Билік өкілдері дер кезінде тиісті шараларды қолға алса коронавирус құрбандарының саны әлдеқайда аз болар еді. Коронавирус індетінен зардап шеккен Аргентинада вакцинация науқаны қызу жүріп жатыр. Үкімет мектептердің жабылмауы үшін мұғалімдерді де еге бастады. Екпе егу орталықтары Буэнос-Айрес пен тағы бірнеше провинцияда ашылған. Бүгінде бұл елге шамамен 3 млн доза «Sputnik V», «Синофарм» мен «АстраЗенека» препараттары жеткен. Оның 1,5 млн дозасы егіліп үлгірді. Эстела Милано, мектеп директоры: - Білім беру мекемелердің жұмысы қайта жандануы керек. Халық әлі де болса қорқады. Бірақ барлығымыз да бұрынғы өмірімізге оралғымыз келеді. Сондықтан барынша вакциналауды қолға алуымыз керек. Испания билігі болса туризм саласын жандандырмақ ниетте. Корольдіктің сауда және туризм министрлігінің хабарлауынша, үкімет КОВИД төлқұжат жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл электронды құжат коронавирусқа қарсы вакцина еккендерге берілетін болады. Осылайша екпе қабылдаған турист елге еш кедергісіз кіретін болады. Жоспар бойынша құжат мамырдың ортасына қарай енгізілмек.

11 наурыз 2021 ж. 627 0