Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та коронавирус қайта өршіп барады

АҚШ-та коронавирус қайта өршіп барады

Елде тәулігіне 70 мыңға жуық адам індет ілмегіне ілінсе, шамамен 2 мыңдай тұрғын осы кеселден көз жұмып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті билік індеттің төртінші толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағады. Жуырда президент Джо Байден мамыр айына қарай елде вакцинаның жеткілікті дозасы болады деп уәде берді. Джо Байден, АҚШ президенті: – Қызметіме кіріскеннен бастап алғашқы 100 күннің ішінде 100 млн тұрғынға екпе егіледі деген мақсат қойған едім. 37 күннің ішінде діттеген мақсатымның жартысын орындадым. Жоспарым толық жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ. Ақ үй басшысын елдің барлық өңірі қолдап отырған жоқ. Мәселен Миссисипи штатының губернаторы наурыздың үшінен бастап аймақта маска тағу режиміне қатысты талап жеңілдетілетінін хабарлады. Ал кәсіпорындардың жұмысы қайта жанданбақ.

03 наурыз 2021 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30