Туристер үшін ең қауіпсіз мемлекет қайсысы екені анықталды
BHTP сақтандыру компаниясының сарапшылары Австралия туристер үшін әлемдегі ең қауіпсіз ел екендігін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Express басылымына сілтеме жасап.
Швеция екінші, Жаңа Зеландия үшінші орында. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Италия, Нидерланды, Франция, Исландия, Ирландия, Греция және Жапония кіреді.
Сарапшылардың пікірінше, саяхатшылар шипажайларға баруды және алдын-ала жасалған турларды ең қауіпсіз деп санайды екен.
Қараша айында 2020 жылы ең қауіпті туристік аймақ ретінде Африка, Латын Америкасы және Парсы шығанағы елдері аталған болатын.
Ливия, Сомали, Ауғанстан және Венесуэла туристер үшін сенімсіз жерлер болып танылды. Сарапшылардың пікірінше, олар 2020 жылы үш көрсеткіш бойынша қауіпті болып саналып, тек тәуекелге бел буғандар ғана баратын жер. Мамандар Нигер, Гвинея, Сьерра-Леоне Республикасы, Либерия, Оңтүстік Судан, Эритрея және Орталық Африка Республикасы туристердің денсаулығына қауіпті деп аталды