Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең бақытты мемлекет анықталды

Әлемдегі ең бақытты мемлекет анықталды


Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық бақыт күні қарсаңында бақытты мемлекеттер рейтингін жариялады. CNN басылымының жазуынша, ең бақытты мемлекеттер ондығына Финляндия, Дания, Норвегия, Исландия, Нидерланды, Швейцария, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Австралия кірген. Ал ең төменгі орындарда Оңтүстік Судан, ОАР, Ауғанстан, Танзания, Руанда, Йемен, Малави, Сирия, Ботсвана, Гаити тұр. «Баяндама алты түрлі критерий бойынша жасалған: халық табысы, бостандығы, сенімі, денсаулық жағдайы, әлеуметтік қолдау мен жомарттығы. Рейтинг басындағы он мемлекет осы алты белгі бойынша ең жоғары көрсеткіш танытқан. Сондай ақ мемлекеттің  жергілікті халқы ғана емес, көшіп барған адамдардың да жағдайы жақсы екені байқалған», деп жазады автор. Автордың айтуынша, рейтинг басындағы он мемлекет халқы билікке сенетіні сонша, үлкен салықты оңай төлейді. «Былтырғы тізімнен биылғы рейтинг көп ерекшеленбейді. Тек Австрия биыл Австралияны ондықтан шығарып, он бірінші орынға түсірген», деп жазады автор.
31 наурыз 2019 ж. 1 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031