Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Париждегі Сена өзенінде су таксиі таныстырылды

Париждегі Сена өзенінде су таксиі таныстырылды



SeaBubbles стартабы өз өнімін таныстырды. Ол – ірі қалаларда өзен таксиі ретінде қолданылуы тиіс шусыз эктрокатер. Электрокатердің таныстырылымы Париждегі Сена өзенінде өтті, деп хабарлайды Today.kz "ХАЙТЕК" сайтына сілтеме жасап. 
Өнімнің авторлары машинаның құрылымы туралы айтты. Электроқозғалтқышы бар такси өз жұмысының негізін гидроптерден алған. Су асты аркілері қатты жылдамдықта су деңгейінде қозғалуға мүмкіндік береді. Катердің құрастырушысы Ален Тебо құрылғы көрерменге артық шу мен толқын тудырмайтынын айтты. Сыртқы пішіні ауа жастығы бар кәдімгі кемеге ұқсайды, өзендегі максималды жылдамдығы – сағатына 18 шақырым. 
Катердің құрастырушылары 2050 жылға қарай 4 миллиард көлік пайда болады деп болжайды, бұл үлкен транспорттық мәселеге айналуы мүмкін. Сондықтан аталған өнім тұрғындарға пайдалы болмақ. SeaBubbles компаниясы қалалар тұрғызылған тарихи су арналары кезінде қатынас жолы ретінде қолданылғанын айтты. 
2050 жылға дейін SeaBubbles компаниясы өз катерін 50 қалаға енгізуді жоспарлап отыр, осылайша су таксилерінің желісін құрмақ. Компания катерді автоматты түрде шақыртуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша ойлап табуды көздеп отыр. 

Құрастырушылардың сөзінше, бұл аппарат Fiat 500 автокөлігі сияқты. Олар да осы технологияны қолданған. Бірақ қозғалтқыш құрылғылары әртүрлі. 

Су таксиі туристік тұрғыда да шетелдіктердің қызығушылығын арттырмақ. Басты мақсаты – транспорттық мәселені шешу. 

А.САҚТАҒАН
28 мамыр 2018 ж. 1 056 0