Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

Шараға 140 елден келген 4 мыңнан астам делегат қатысуда. Таксидің жаңа түрін шығару бастамасын Германияның Volocopter компаниясына ынтымақтастық жасауды ұсынған Дубай жол және көлік басқармасы көтерді. Жоба авторларының айтуынша, Дубайдың әуе таксилері - көліктің экологиялық таза түрі. Ол электрмен жұмыс істейтін болады. Жобаға сәйкес, ұшу ұзақтығы 30 минуттан, жылдамдығы сағатына 100 километрден, ал биіктігі 2 мың метрден аспайды. Әуе таксилерін шығару Дубай билігінің қоғамдық өмірге соны технологияларды енгізу жөніндегі ауқымды жоспарының құрамдас бөлігі болмақ. Бұдан бұрын БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рәшид әл-Мактум 2030 жылға қарай қаладағы өздігінен жүретін көлік құралдары 25%-ға жететінін мәлімдеген болатын.
inform.kz
17 ақпан 2018 ж. 1 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031