Әзербайжан: Ел мен жер тұтастығының жеңісі
Әзербайжанда 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде елдің аумақтық тұтастығы, конституциялық құрылымының қалпына келтірілуіне орай ұйымдастырылған саяси науқан жалпыхалықтық сипат алды. Бауырлас мемлекеттегі маңызды іс-шараға Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы тізімімен еліміздің атынан бір топ байқаушы қатысты.
Сайлау күні ел көлеміндегі 125 сайлау округінде 6 319 мың сайлау учаскесі ашылды, онда 6,4 миллионға жуық халық таңдауын жасады. Дауыс беру барысын бақылауға 14 партиядан 90 мыңнан астам жергілікті және 800-ден астам халықаралық байқаушы қатысты. Мыңға жуық учаске бейнебақылаумен жабдықталды. Кейінгі 30 жыл ішінде елдің ерекше аумағы – Қарабақта да дауыс беру өтті, мұнда сайлаушылар тізіміне 23 мыңға жуық адам енгізілген екен. Президенттікке жеті үміткер, оның ішінде қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев те таласқа түсті.
Әзербайжанда президент сайлауы 2018 жылы өткен еді. Бұл кезде президенттің өкілеттік мерзімі жеті жыл-тын, демек кезекті сайлау 2025 жылдың сәуір айында өтуге тиіс еді. Мемлекет басшысы И.Әлиев атап өткендей, Қарабақтағы жергілікті антитеррорлық шаралардан кейін республика өзінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын толығымен қалпына келтірді. Осылайша, елдің алдында тұрған негізгі мақсаттар орындалып, Әзербайжан үшін жаңа дәуір басталды. Осы орайда кезектен тыс сайлауға мемлекет айрықша маңыз беріп, оны барынша әділетті, әлемдік стандарттарға сай деңгейде, ашықтық жағдайында өткізуді мақсат тұтқан. Саяси науқанға халықаралық байқаушылардың барынша мол тартылуы өз алдына, маңызды іс-шараны бүкіл әлемге тарату, жариялау үшін шақырылған бұқаралық ақпарат құралдарының да қарасы мол болды. Айталық, сансыз телерадио кешендері, баспасөз өкілдері арасында алыс-жақын шетелден бөлек, Уругвай, Куба мемлекеттерінің де журналистері болды.
Президенттік сайлау сайлаушылардың жоғары белсенділігімен ерекшеленді. Біз Баку қаласындағы, сондай-ақ қала маңындағы бірнеше сайлау учаскесінде болдық, тіпті түс ауғанда да дауыс беруге ниет білдіргендердің легі толастаған жоқ, барлық жерде кезекте тұрғандардың саны өте көп болды. Сарапшылардың айтуынша, бұл белсенділік қазіргі мемлекет басшысы И.Әлиевтің ішкі-сыртқы саясаттағы жетістіктерімен, атап айтқанда, қашаннан күлбілтелі мәселе болып келген Қарабақ жерлерінің республикаға түбегейлі қайтарылуымен тығыз байланысты. Президент И.Әлиевтің жұбайымен Ханкендідегі №14 сайлау учаскесінде дауыс беруінің астарында да осындай символдық мән-мағына бар.
Президент сайлауының алдын ала қорытындысы күткендегідей нәтиже берді, қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев 92 пайыздан аса дауыс жинады. Бұл ол алғаш рет президент болып сайланған 2003 жылдан бергі ең жоғары нәтиже екен. Дауыс беруге қатысу көрсеткіші де И.Әлиев үшін рекордтық деңгейде – 76,7%-дан аса.
2020 жылғы екінші соғыс аяқталғаннан кейін И.Әлиев Қарабақ пен оған жақын орналасқан аудандарда «Ұлы оралу» бағдарламасын жариялады, бірақ оның жетістіктері әзірге шектеулі болып отыр. Себебі аумақты соғыс зардаптарынан арылту, толықтай дерлік бүлінген, қираған елді мекендерді, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру үшін, ең бастысы, босқын халықтың өз мекеніне қайтып оралуына сендіру үшін біраз уақыт, тынымсыз, мақсатты жұмыстар атқарылуы керек. Ал қазір асфальт тасжолын, газ құбырларын төсеуге, электр желілерін тартуға, Физулиде халықаралық әуежай салуға қол жеткізілген.
Дегенмен осы кезеңге дейін босқындардың біраз бөлігі бұрынғы тұрғылықты жерлеріне оралып үлгеріпті. Түрлі деректер бойынша, 1992-1994 жылдарғы бірінші соғысқа дейін бұрынғы Таулы Қарабақ автономиялық облысы мен оның маңындағы аудандарды қамтитын бұл аумақта 800 мыңға жуық армян мен әзербайжан өмір сүрген. Әзербайжан үкіметі 2026 жылға дейін бұл өңірге тағы 45 мың адамды қоныстандыруды жоспарлап отыр. Сайлауды өткізуге бірден-бір себепкер – Таулы Қарабақ аумағы жақын жылдары бүкіл елдің басты назарында болмақ.
Сайлаудан бір күн бұрын ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары кезектен тыс президенттік сайлауды бақылау аясында Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховпен кездесті. М.Панахов президенттік сайлау барысында, оның ішінде бірінші рет өтетін аумақтарда дауыс беру қалай ұйымдастырылатыны туралы әңгімеледі. Топтың үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов Әзербайжандағы халықаралық байқаушылардың жұмысы қалай құрылатындығын мәлім етті. Ж.Асанов Орталық сайлау комиссиясының басшылығына Ассамблеямен тиімді өзара іс-қимылы, демократияны дамытуға және Достастық елдеріндегі сайлау үдерісін жетілдіруге арналған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіре келіп, ұзақмерзімді мониторинг нәтижелерін және ТМД ПАА Демократияның дамуын бақылау халықаралық институты сарапшыларының қорытындысын табыс етті.
«Институт Әзербайжан заңнамасының жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге қаншалықты мүмкіндік беретінін, дауыс берудің құпиялылығына, алдағы сайлаудың жариялылығы мен ашықтығына кепілдік беретінін талдады. Біздің сарапшылар республиканың заңнамасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деген қорытындыға келді», деді Ж.Асанов.
Әзербайжан президентінің кезектен тыс сайлауына ҚР Орталық сайлау комиссиясы түзген тізіммен де бір топ байқаушылар қатысты. Айта кетерлігі, комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған байқаушылар құрамында ОСК мүшелерімен қатар жергілікті, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері де болды. Біз солардың бірі, Астана қалалық мәслихатының депутаты Қанат Естекті әңгімеге тартқан едік.
«Байқаушыларды сайлау учаскелеріне бөлгенде ел астанасынан тыс, жергілікті бір аймаққа сұранған едім. Сайлау күні астанадан 90 шақырым қашықтықтағы Гаджигабул, Кюрдамир аудандарында болдым. Басқа да байқаушылармен бірге бірнеше сайлау учаскесінде комиссия мүшелерімен, сондай-ақ қала тұрғындарымен, сайлаушылармен кездесулер өткіздік, қала мэрінің қабылдауында болдық. Барлық жерде озық үлгілі демократия үрдістерін, сайлау үдерістерін дамытуға, қалыптастыруға қатысты жан-жақты, тиімді әңгімелер өрбіді. Сайлау учаскелері талапқа сай жабдықталған, науқан барысында дауыс беруге қатысты айта қоярлықтай заң бұзушылықтар орын алған жоқ», деді Қанат Ғалымжанұлы.
«Сырт көз – сыншы». Үш күндік сапар барысында біз байқаған бір ерекше көрініс – мұнда барлық мекеме-кәсіпорын атаулары, көрнекіліктер, жарнамалар тек латын әліпбиімен жазылған. Тәуелсіздіктің елең-алаң кезінде өзгертілген әліпби бүгінде толықтай кирилл әліпбиінен арылған. Тағы бір құбылыс – кеңестік кезеңде туған аға буын өкілдері болмаса, тәуелсіздік ұрпақтары орыс тілін жақсы біле бермейді. Мәселен, жолбасшымыздың бірі Ләман Искандерова төрт тілде сөйлейді, оның ішінде орыс тілі жоқ. Жастар қауымы бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын ағылшын тілін үйренуге ерекше ден қойған. Бірнеше мектепте болдық, сұрастырып білгеніміздей, орта білім мекемелері де қазірде ана тілінен кейін ағылшын тілін оқыту бағытын ұстанып отыр.
Сондай-ақ сайлау алдында, сайлау өткен соң ұйымдастырылған түрлі басқосу, баспасөз конференциясында спикерлер тек әзербайжан тілінде сөйледі. Басқа тілдерге ілеспе аударма арқылы берілді.
Түбі бір түркі дүниесіне ортақ мүбәрак Қорқыт ата мен Қожа Ахмет Ясауи дана жатқан киелі қазақ жерінен келгенімізді білген жергілікті тұрғындар бірден тарихи тамырластықтарымыз турасында әңгіме қозғауға ықылас танытады. Мәселен, ұлт-азаттық көтерілісінің туы сынды Бабек батырлары біздің Қобыланды батырмен шендес. ХІІ ғасырда жасаған әзербайжан ақыны Низами Гәнжауи қыпшақ қызына үйленген. Қорқыт баба туралы алғашқы киноны 1976 жылы әзербайжандар түсірген. Мұндай ортақ сабақтастықты жібек жолы бойымен жүйелі тарқата білсеңіз, бүгінгі күнге дейін үзбей, сәтімен жалғастыра беруге болады.
Әзербайжан топырағына табанымыз тигендегі бірден-бір жүрек қалауымыз ұлттың ұлы тұлғалары мәңгі жай тапқан Факри пантеонын көру еді. Гейдар Әлиев бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері, Самед Вургун, Джафар Джафарлы сынды ақын-жазушылар, Бұлбұл, Мүсілім Магомаев сынды біртуар өнер шеберлерінің басында болып, асыл рухтарына тәу еттік. Қашаннан гөзал Баку қаласының ғажайып көркі, сәулет, салтанаты өз алдына, мұндағы темірдей тәртіп, мұнтаздай тазалық бізді тіпті қайран қалдырды. Барлық бейіттер белгілі бір жүйемен, көше-көше болып орналасқан. Басына қойылған құлпытастар да соншалықты ұғынықты, марқұмның өмірі мен қызметіне сай мазмұнда орнатылған. Түрлі, сирек ағаш сұрыптары, гүл дестелері, жасыл желек те жоғары талғаммен отырғызылған. Қорымды аралап жүріп өзіңді бейне бір музейде жүргендей сезінесің. Қысқасы, Әзербайжан елінен үйренетін, үлгі алатын үрдістер көп.
Сонымен, Әзербайжан Республикасы жақын жеті жылға өзінің таңдауын жасады. Мемлекет билігін Ильхам Әлиевке сеніп тапсырды. Жаңадан сайланған президент мәлімдегендей, Әзербайжан тәуелсіздікпен бірге келген демократиядан, қуатты экономика мен өркениетті рухани даму жолынан ешқашан айнымайды. Сол мақсаттарды қолдайтын алыс-жақын елдердің бәрімен байыпты, қалыпты қарым-қатынаста болуға тырысады. Саясатта да, экономикада да, руханият пен мәдениетті дамытуда да бағыт-бағдарлары жыл санап салиқаланып, ұйғарымдары ұтқырлана түседі. Сол тұрғыда сайлау қорытындысы елдің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне, одан әрі дамуына және аймақтық ынтымақтастықтың нығаюына қызмет ете бермек.
Астана – Баку – Астана