Бүйректе тас жиналуға алып келетін азық-түліктер
АҚШ ғалымдары ғылыми зерттеу жүргізіп, бүйректе тас жиналуына алып келетін 5 азық-түлік өнімін анықтады. Америкалық сарапшылар күніне миллиардтаған адам тұтынатын кофені бүйрек үшін ең қауіпті тағамдар тізімінің ең басына қойды. Зерттеушілердің пікірі бойынша, кофе тұтынушылары санының артуы бүйрегіне тас жиналған емделушілердің санының жылдам өсуіне себепші болып отыр екен. Сарапшылар кофе бүйректің жұмысының бернеше есе жылдамдататынын, соған байланысты бүйрек тез шаршап, «қартая бастайтынын» дәлел ретінде алға тартады,- деп хабарлайды Ren. Екінші орында – қызыл ет. Бүйрекке зиян тигізбеуі үшін қызық етті тым аз мөлшерде пайдаланған жөн, оны ақ түсті етпен, мысалы тауық етімен алмастыруға тырысу керек. Үшінші орында – тұз. Тұзды көп пайдалану денеде судың іркіліп, бүйректе тас тәрізді заттардың қалыптасуына алып келеді. Соңы тасқа айналады. Азық-түліктер тізімінде шәй төртінші орынға жайғасқан. Тізімдегі бесінші орында – газдалған су. Сусынның бұл түрі денсаулыққа аса қауіпті екені белгілі. Зерттеушілердің пікірі бойынша, кез келген газдалған сусын бүкіл дененің ішкі органдарының, соның ішінде бүйректің жұмысына кері әсерін тигізеді.
Дереккөз: reactor.inform.kz
Дереккөз: reactor.inform.kz