Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚ олимпиададағы алғашқы медаль

АҚ олимпиададағы алғашқы медаль



Тағы да төрт жылды артқа тастап, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Сәуір айының 11-жұлдызы күні Пхёнчхан Олимпиадасында фристайлдың могул түрінен әйелдер арасында өткен жарыс­та қазақстандық спортшы Юлия Галышева қола медальға ие болды.
Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтіп жатқан, XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 орында тұр. Алты спортшы бақ сынасқан үшінші финалда 77.40 ұпай алып, үшінші орынға жайғасқан Юлия Галышева ел қоржынына алғашқы медальды салды. Нәтижесінде Қазақ елі қысқы Олимпиада ойындарында медаль алған 11 мемлекеттің тізіміне енді. Қазіргі таңда бірінші орында 3 алтын, 1 қола медальмен Германия құрамасы тұр. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Нидерланды мемлекеті жайғасты. Ал үшінші орында 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен Норвегия құрамасы тұр.
Еске сала кетсек, отандық спортшы іріктеуде 76.36 ұпай алып, 7-орынмен финалға шыққан болатын. Бірінші және екінші финалдық сыннан да сүрінбей өткен ол соңғы финал нәтижесі бойынша қола медальға ие болды. Могулда алтын медальға француз Перрин Лаффон, күміске канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант ие болды.

«Өскен өңір» ақпарат.
13 ақпан 2018 ж. 1 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031