Сот саласының сыйлы ардагері
Бұрынғылар «Ханда қырық адамның ақылы болса, биде қырық адамның білімі мен ары болады» деп айтып кеткен. Иә, би – дала демократиясының діңгегі. Қара қылды қақ жарған, адамдар арасында қалыпты тіршілік қағидасына қиянат келтіргенге немесе ардан аттағанға ақиқат үкімін айтып, туралыққа үндеген төбе билер...