Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырағы қарттар

Қырағы қарттар

Жуырда Қызылорда қаласында «Локаматив» стадионында облыстық ардагерлер кеңесінің жұмыс ­жоспары бойынша сондай-ақ облыстық мәдениет және дене шынықтыру басқармасымен бірлесіп әуесқой ардагерлер арасында пневматикалық мылтық атудан облыстық жарыс өтті.
Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов ашып беріп, мергендерге сәттілік тіледі.
Айтулы жарысқа Қызылорда қаласынан және әр ауданнан үш адамнан командалық мергендер қатысты.
Шиелі ауданының командасы құрамында Тартоғай ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Басаман Пірімбет, полиция бөлімінің ардагері Қапланбек Шалбай, тартоғайлық ардагер Серікбай Сәдуақасов бар. Олар ­сайыста мергендік танытып, үшінші орынға ие болды. Қызылорда қаласының мергендері бірінші орын алса, екінші орын Жалағаш ауданының ардагерлеріне бұйырды. Жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталып, ақшалай сый құрметке бөленді. Аудан ардагерлерінің мерейін үстем еткен мерген қарияларға марапат құтты болсын дейміз.

Ш.Тілеубаев
26 қыркүйек 2022 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031