Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ОБЛЫСТЫҢ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНЫ!

АРДАГЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ОБЛЫСТЫҢ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНЫ!

Жуырда Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде 50 жастан асқан ардагер спортшылар арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.
Алғашқы ойында құрамында Сабыр Жаңбыров, Шәдібек Накипов, Арғынғазы Сқақов сынды белгілі волейболшылар бар Қызылорда командасын Қазалы ауданының ардагерлер құрамасы ұтып кішігірім сенсация жасады. Мұнымен қоймай Қазалы құрамасы топтағы қалған ойындарды да жеңіспен аяқтап финалға шықты. Ал Шиелі ауданы құрамасы республикаға белгілі волейболшы Райымбек Медеуов бастаған Жалағаш командасын, одан кейін Жаңақорған құрамасын ұтып, финалға шықты. Дегенмен тартыс­ты өткен финалдық кездесуде Қазалы құрамасы шиелілік ардагер спортшылардан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Нәтижесінде I орынды – Қазалы ауданы, II орынды – Шиелі ауданы, III орынды Қызылорда қаласының құрамасы иеленді.
Волейбол маманы, жаттықтырушы Әбдраманов Өтепберген Әділханұлы бастаған Шиелі ауданының құрама командасында ойнаған ардагерлер қатарында Асқар Есім, Мақсұт Ибрашев, Сәбира Мырзақұлова, Мейрамбек Яхияев, Жұлдызай Әшірбекова, Бауыржан Төлепбергенов, Бақберген ­Айымбетов, Айман Серікбаева, Молдахмет Ағыбаев сынды ардагерлер бар.
Айта кетейік, бұл сайыс қыркүйек айында Орал қаласында өткізілетін ардагерлердің республикалық спартакиадасына іріктеу болып табылады.

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
23 тамыз 2022 ж. 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031