Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің гандбол құрамасы Иран командасын жеңді

Еліміздің гандбол құрамасы Иран командасын жеңді

Жапонияның Кумамото қаласында гандболдан қыздар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінің екінші туры аяқталды. Осы ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Екінші кездесуде біздің құрама Иранмен шеберлік байқасты. Бұл ойында қазақстандық гандболшылар өздерін жақсы қырынан таныта білді. Біздің құрама қарсыластарын 41:26 есебімен тізе бүктірді.  Қазақстан гандболшы қыздары ойын көрсетіп жатқан А тобында Жапония Аустралияны 37:18 есебімен жеңді. Екі турдан кейін көш басында жапон қыздары келеді. Екінші орында Қазақстан құрамасы тұр.Одан кейінгі орындарда Иран, Австралия және Жаңа Зеландия құрамалары орналасқан.   Қазақстан құрамасы ендігі кездесуін 2 желтоқсанда Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді. Ал 5 желтоқсанда Жапониямен кездеседі. Бұдан бұрын олар Аустралиядан 32:24 есебімен басым түскен еді. Қазақстан құрамасы Азия біріншілігіне биыл тоғызыншы мәрте қатысып отыр. В тобында Қытай Гонконгты 36:10, Оңтүстік Корея Сингапурды 41:9 есебімен жеңді. Гандболдан қыздар арасындағы Азия біріншілігі 9 желтоқсан күні мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы 2002, 2010 жылдарда Азия чемпионы атағына қол жеткізді.


www.24.kz
02 желтоқсан 2018 ж. 1 154 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 15

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930