Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді

Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді

Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келдіМаңғыстауға қоқиқаздардың алғашқы легі ұшып келді. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz. Елімізде сирек кездесетін әрі қорғауға алынған құстар қала маңындағы Қаракөлге қонған.  Азамат Сәрсенбаев бір топ қоқиқаздың су бетіндегі көрінісін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Қызғыл түсті құстардың керемет көрінісі жергілікті тұрғындардың көзайымына айналып, желі қолданушылары да жоғары қызығушылық танытқан. Айта кетейік, қоқиқаздар Маңғыстау өңіріне көктемнің басы мен күзде келеді. Құстар Қаракөлде сәуірдің соңына дейін қонақтап, одан кейін әрі қарай ұшып кетеді. 
27 ақпан 2026 ж. 33 0