Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойыз астына түскен сәби құдіреттің күшімен аман қалды  

Пойыз астына түскен сәби құдіреттің күшімен аман қалды  

 Үндістанда байқаусызда пойыз астына түскен балақай құдіреттің күшімен аман қалды. Әлеуметтік желіге таралып кеткен видеода тұрғындар құндақтаулы сәбиді рельс арасынан алып шыққан деп жазады NUR.KZ.


ФоÑо: Ðидеодан кадÑ

Анасы байқаусызда қолынан түсіріп алған сәби дәл рельстің арасына түскен. Пойыз жүріп өткен соң, ер адам оны анасына қайта табыстаған. Бұл видеоны желі қолданушылары қызу талқыға салған. "Құдайдың құдіреті ғой", "Көрер жарығы бар екен", "Менің жүрегім ұшып кетті ғой". "Алла сақтапты", "Баланы періштесі қорғаған ғой", "Өмірі ұзақ болсын". "Анасы да қызы екен", "Баласын қалай түсіріп алып жүр" деп жарыса жазды. Айта кетейік, видеоның Үндістанның қай қаласында түсірілгені белгісіз.
26 қараша 2018 ж. 711 0