Шаш үлгісі: Айдар, кекіл, тұлым
Қазақта шаш қоюдың өзіндік мәні мен сыры болған. Кез келген адам сақал не мұрт, шаш пен айдар қоймаған.Қазақ қалпында басты мезгіл-мезгіл тақырлай қырып, шашты бір еліден артық өсірмеген. Сақалды үлкен кісілер, мұртты жас жігіттер қойған. Ал ұзан шаш көбінесе кішкентай балаларда болған....