Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ


Шиелі ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұлттық спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Аталған шара Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен “Асыл мұра - Орда” қоғамдық қорының аудандық Орталық мешітпен бірлесе ұйымдастыруымен 12 қыркүйек күні Мұхаммед (с.а.у.) мешітінің аумағында өтті.

Спорттық сайысқа дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттарынан құралған 10 команда қатысып, ұлттық спорттың гір көтеру, қол күрес, қазақ күресі және арқан тартыс түрлерінен өзара бақ сынады. Қатысушылар жарыс барысында командалық рух, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетіп, жоғары белсенділік танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар марапатталды. І орын иегеріне – 100 000 теңге, ІІ орынға – 70 000 теңге, ІІІ орынға – 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Сонымен қатар, ІІІ орын иегеріне арнайы кубок табысталды. Ал қалған 7 командаға 15 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.

Ұлттық спорттық сайыс қатысушылардың дене шынықтыру белсенділігін арттырып қана қоймай, мешіт жамағаты арасында өзара сыйластықты, бауырмалдық пен ауызбіршілікті нығайтуға ықпал етті.

Шара барысында ұлттық спорт түрлерінің тәрбиелік мәні насихатталып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді. Осындай игі бастамалар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғам мүшелерін бірлікке, ұйымшылдыққа және өзара қолдауға үндейді.

Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттары табысталды.
14 қыркүйек 2026 ж. 149 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031