Әйел адамға қалай шаршамауға болады?
Жұмыс, үй тірлігі, бала тәрбиесі, жолдасыңды күту, достармен кездесу, өз-өзіңе көңіл бөлу – бәріне бірдей уақыт табу қиынның қиыны. Бұл тізімге анда-санда бас сұғып тұратын қонақтарды, күтпеген кездесулерді қосыңыз.
Әр тірліктің оң және теріс энергия беретін қасиеті бар. Егер сіз шығармашылық адамы болсаңыз, үй тірлігі, балалардың сабағын қарап, оларға ертегі айтып, тіпті жұмыстан кейінгі шаршауды ұмытып, олармен бірге ойнай аласыз. Себебі жұмысыңызды шексіз жақсы көресіз.
Ал кейбір күш жұмысын талап ететін қызметкер әйелдер жұмыстан кейінгі уақытта көп нәрсеге мән бергісі келмейді. Күні бойы тынымсыз еңбек бар энергияны сорып алады, ал ол шаршап, кешкі асты әзер дайындап жүреді.
Жұбайыңызды жұмысқа, балаларды сабаққа шығарып салу, балалардың үй тапсырмасын, күнделігін тексеру, үй тірлігі деген пунктерді махаббатпен орындаңыз. Бұл себептерді мына кестеге қарап, біле аласыздар. Егер әйел күш беретін іс-әрекетті жиі жасап тұрса, бұл көп көмектеседі. Ал энергиясын керісінше сорып алатын іс-әрекеттерді өзіне «айналдырып» алса, құба-құп. Қалай дейсіз бе?
Сүйіктім де, балаларым да бұл күнді сәтті өткізсін деген отананың бір ауыз тілегі тұтас шаңырақтың берекесін кіргізеді. Балалардың үй тапсырмасын тексеру дегенді оның болашағын ашу деп түсініңіз, оған деген махаббаты, әрдайым жанында болатыныңызды көрсетеді.
Ал енді үй тірлігін ыждаһатпен жасасаңыз, айналдырған миллисекундтар бойы ғана жұмсайсыз. "Қазір мына жерді жинап болған соң, отағасымен отырып, шай ішеміз, ескі суреттерді қараймыз" деп мақсат қойып, тындырсаңыз болады.
Сәттілік!
https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/63332/