Рамазан айында әйелдер орындайтын ізгі амалдар қандай?
1.Рамазан айында мейлінше көп дұға етіп, Алладан берекет тілеңіз.
2. Бұл айда жұмысыңызды қиындатпаңыз. Мәселен ауызашар үшін күрделі тағамдар дайындау міндетті емес. Оны тек қоректік тағам ретінде көрген дұрыс.
3. Күнделікті жоспар құрып, ең маңызды нәрселерден күнді бастаңыз. Әр нәрсені ұсақ-түйегіне дейін орындау міндетін қоймаңыз, неғұрлым маңызды нәрсені қалай оңтайландыруға назар аударыңыз.
4. Отбасыңыз бен достарыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Рамазанның сіз үшін ғибадат пен рухани міндеттеріңізді орындаудағы ерекше уақыт болғандықтан, кездесулер мен жиналыстарды кейінге қалдыруға болады.
5. Қонақтарды саналы қабылдаңыз. Әрине, қонақтарды ауызашарға шақыру, өзіңізге және қонақтарыңызға қуаныш әкелу- сауапты іс.
6. Көп уақыт пен күш қажет етпейтін қарапайым тағамдарды дайындаңыз. Бүкіл істерді бір күнге қалдырып, ауырлық тудырмау үшін тағамдардың бір бөлігін бұрынырақ дайындап қойыңыз.
7. Өзіңізге демалыс беріп тұрыңыз. Айдың соңына дейін ағза шаршап қалмас үшін уақытылы ұйықтау өте маңызды.
13. Дұрыс тамақтаныңыз. Ол сізге жұмыс, дұға және барлық міндеттерді орындау үшін энергия береді.
14. Сізге дастарқан жасап, ыдыс-аяқ жууға және тағам дайындауға көмектесетін біреу болсын. Егер балаларыңыз бар болса, оларды осы іске жұмылдырғаныңыз азбал.
15. Майлы тағамдардан аулақ болыңыз- бұл тек денсаулыққа зиян тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар ұйқышыл және жалқау болуға жол ашады.
16. Өзіңіздің уақытыңызды тиімді ұйымдастырып, өзіңіздің жақындарыңызға да осы бағытта көмектесіңіз.
17. Дене жаттығуларын орындаңыз. Көптеген адамдар Рамазанда физикалық күш салу мүлдем тиімсіз деп санайды. Бұл — дұрыс емес. Күніне бірнеше минуттық жаттығу - энергия беретінін ұмытпаңыз.