Дүйсенбі күні неге шаршап жүреміз?
Кей жандар үшін демалыстан кейін жұмысқа қызу кірісіп кету қиын соғады. Ағзада әлсіздік, көңіл күйде құлшыныс болмайды. Оған не себеп?
Мұның барлығына демалыс "кінәлі". Себебі бірер күндік демалыстан кейін шаршауыңыз, өмір сүру дағдыңыз аз да болса өзгеруі мүмкін.
Дүйсенбі күні шаршап жүруіміздің бір себебі - ұйқының бұзылуы. Демалыс күндері кеш жатып, кеш тұрасыз. Дүйсенбіні қаперіңізден шығарып, жексенбі күні де кеш ұйықтауыңыз мүмкін. Ал таңда ұйқыңыз қанбай жұмысқа келесіз.
Ұйқы адам ағзасы үшін ең құнды қажеттіліктің бірі. Демалыс күні болса да, ұйқы режимін сақтағаныңыз абзал.
Дүйсенбі шаршап жүруімізге психологиялық көңіл күй де әсерін тигізеді. Мәселен, "түуй, ертең дүйсенбі жұмыс басталады", "түуй ертең ерте тұру керек" деп өзіңе іштей айтар болсаң, аптаның алғашқы күнін шат-шадыман болып күтіп алу қиын.
Шаршаудың тағы бір себебі - физикалық күштің көп жұмсалуы. Бір апта кеңседе жұмыс жасап, сенбі не жексенбі күндері көп уақытыңызды жаттығу залында өткізер болсаңыз, онда дүйсенбі шаршап жүретініңіз анық.
Ал сіз үшін дүйсенбі қалай басталды?
Massaget.kz сайты