Мемлекеттік тілді білу – парыз
«Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Қазір ана тіліміз қоғамның барлық саласында қолданылып келе жатыр. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Жуырда ғана Президент Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тіл мерейін тағы да арттырды.
Аталған мақала «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» сынды бөлімдерден тұрады. Әр бөлім елдің ахуалын, бүгіні мен ертеңін саралап, бағыт пен бағдар, ел мен жер, тіл мен тарих мәселесін тереңнен қаузайды. Президент «Қоғам мен құндылық» бөлімінде «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек» – деп тілге жанашырлық танытты.

Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. 13 тілді қолданатын жан саны 50 миллионнан асады. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана «мемлекеттік» деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына еніп отыр. Қазақстанда 130 – дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» дәлел бола алады. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолданып келеді. Бүгінде қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл.
Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің мемлекеттік тілі болмақ. Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар, өз тілі бар. Мәңгілік еліміздің – мәңгілік тілі мәңгі жасай берсін десек, ана тілімізді қастерлеп, мерейін өсіріп, мәртебесін сақтап қалуымыз қажет. Ол үшін әуелі өз отбасымызда ұрпақтарымыздың бойына ұлттық құндылықты сіңіріп өсіруді бірінші кезекке қойып, балабақша мен мектеп қабырғасында әр білім алушының жас ерекшелігіне сай, балаға рухани құндылықты тереңірек сіңіретін мағыналы да мазмұнды тілдік іс-шараларды жиі өткізіп отыруды назардан тыс қалдырмайық дегім келеді. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз керек. Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану аясын кеңейту үнемі маңызды мәселелердің бірі болып қаралуы тиіс.
Гүлназ Достиярова,
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
бас маманы
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
бас маманы